Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Министр бензин бағасын не үшін қымбаттатқалы жатқандарын түсіндірді

c 12:14, 03/12/2019 c 832

Үкімет әлеуметтік жеңілдіктерді көбейтіп, ұсақ және шағын бизнесті салықтан босатып елге жағдай жасағанмен, нарықтағы бағаның қымбаттауына жол беретін бензин акцизі бағасын өсіріп жатыр.

Сурет : Inbusiness.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында мұнай өнімдерінің акцизін не үшін өсіру керек болғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бензиннің бір литрінің бағасы 10 теңгеге қымбаттайды деп күтілуде. Бұл - шамамен 6%, инфляцияға айтарлықтай әсер етпеуі керек, бірақ үкімет бағаның өсуі мәселесін үнемі күн тәртібінде қарап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын ұстап тұру үшін барлық шараларды қабылдауға тырысып жатыр, - деді ол.

Ол мұнай өнімдері акцизін қымбаттату екі факторға байланысты екенін атап өтті.

- Біріншіден, келесі жылы әлеуметтік салаға бөлінетін ақша көп, яғни бюджет шығыны мол. Мысалы, республикалық бюджет жобасында биыл әлеуметтік салаға 5,3 трлн теңге бөлінсе, келесі жылы шамамен 6 трлн теңгеге барады. Сонымен қатар, мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы заң қабылдануда, төрт жылда екі рет мұғалімдердің, балабақша тәрбиешілері мен колледждердің жалақысын екі есеге арттыру жоспарланған. Одан арғы жылы бұл өсім 25% құрайды, 4 жыл ішінде ол екі еселенеді. Бәрі қосымша ақшаны талап етеді, - деді Қаржы министрі.

Сонымен бірге, Смаилов ұсақ және шағын кәсіпкерлік субъектілерді табыс салығынан үш жылға босатудың салдарынан кіріс айтарлықтай қысқаратындығын да атап өтті.

- Өздеріңіз білесіздер, біз ұсақ және шағын бизнес субъектілерін үш жылға табыс салығынан босату салдарынан еліміздің кірісі айтарлықтай қысқарады. Сондықтан, қосымша табыстың көзінің бірі - бұл акциз салығы, бірақ бұл негізгі табыс көз емес. Негізгі табыс көз - кедендік салықтық әкімшілендіруді жетілдіру. Бүгін біз былтырғы жылмен салыстырғанда республикалық бюджеттің кірісі 911 млрд теңгеге ұлғайды деп есеп бердік. Жалпы, жыл бойына республикалық бюджетке түсетін түсім көлемінің өсімі 1,2 трлн теңге болады деп күтіледі. Оның ішінде 840 млрд теңгесі салықтық әкімшілендіруді жақсарту есебінен түседі, - деді ол.

Келесі жылға акциздердің өсуі кірісті арттыру факторларының бірі болып табылады.

- Акцизді өсірсек, онда бюджетке қосымша 50 миллиардтан астам теңге табыс келеді. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан, тағы бір фактор бар - бұл көршілес елдердегі, атап айтқанда Ресей Федерациясындағы газ бағасы. Бүгінде бізде АИ-92 бензинінің бір литрінің бағасы шамамен 163 теңге, ал Ресей Федерациясында ол 260 теңгеден асады. Әрине, біздің арзан мұнай өнімдерін Ресей Федерациясы жаппай әкетіп жатыр. Біз, ақырында бензинді бензовозбен тасуға қарсы шектеу шараларын қабылдауға мәжбүр болдық. Сондықтан, бензин бағасын шамалы өсірдік, бірақ осы екі фактор барын да жадымыздан шығармалық, - деп сөзін түйіндеді Смаилов.

Сілтеме көзі

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.