0:00 / 0:00
Оралдықтар жылу үшін 258 млн теңге қарыз. Бұл туралы "Жайық жылу қуат" мекемесінің мамандары хабарлап отыр. Мамандар бұқара халықтан бережақты жинау үшін жеке сот орындаушылар мен нотариустармен бірге жұмыстанумызда,-дейді. Жылдап коммуналды төлемді қасақана төлемей жүрген жандардың бірқатарына шетелге шығуына тыйым салынған.
Қазіргі таңда облыс орталығында барлық мекеме мен тұрғын үйлерге жылу берілген. Сала мамандары биылда маусым басталмас бұрын, жылдағы мәселемен бетпе-бет кездескендіктерін айтады. Қаламыздағы барлық пиктің жартысы ғана қысқы маусымға үйлерін дайындаған. Қалғандары тікелей міндеттеріне салғыр-салақтық танытқан.
Қазір оралдықтар жылу үшін 258 млн теңгедей қарыз. Бүгінде мекеме бережақты өндіру үшін жеке сот орындаушылар мен нотариустармен қоян-қолтық жұмыстануда. Ал, кәсіпорынның 1 млрд 52 млн теңгедей берешегі бар.
"Жайық жылу қуат" биылғы жылыту маусымына дайындықты көктемде бастаға болатын. Жылу беретін бірнеше қазандық алмастырылып, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында жылу магистральдары ауыстырылды.