ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тапсырмасы негізінде Оралда тұрғын үйге кезекке қою уақытша тоқтатылады. Бұл шара желтоқсанның 3 мен 13-ші жұлдызы аралығында болады. Өйткені бұл күндері еліміз бойынша тұрғындарды есепке алудың біріңғай жүйесі құрылады. Айта кеткен жөн аталмыш жұмыстар 10 күнге жалғасатындықтан, 14 желтоқсаннан бастап, қайтадан кезекке қою жұмыстары жалғасады.