Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Уланып жатырмыз»

c 10:45, 29/11/2019 c 1341

0:00 / 0:00

Сенаторлар қоршаған ортаға орасан зиян келтіріп отырған радиоактивті қалдықтарды жою мәселесін көтерді. Сенат спикері Дәриға Назарбаеваның мәліметінше, бүгінгі күні ел аумағында 170 млн кубометр радиоактивті қалдықтар жиналып қалған. Бұл бізді улап ғана қоймай, өлтіріп жатыр. Бұл орайда адамдардың өмір сүру ұзақтығын қамту үшін денсаулық сақтау саласына бөлініп жатқан қыруар ақша далаға кеткенмен бірдей, деді төрайым. Бас эколог болса радиоактивті қалдықтарды реттейтін бап заңда көзделмегенін айтады.Бүгін Сенатта өткен үкімет сағатында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі тұрмыстық және өндірістік қалдықтар мен қоқыс полигондарының бүгінгі ахуалын баяндаған болатын.

Ел аумағында жиналып қалған радиоактивті қалдықтардың көлемі 170 млн кубометрді құрап отыр. Мамандардың айтуынша, тіршілік көзі үшін қауіпті бұл қалдықтардар адамзаттың денсаулығына зиян. Қазақстанда екі ядролық полигон болды.Семей полигонында 469, Батыс Қазақстан өңіріндегі Капустин Ярда 40 жарылыс орын алды. Сондай-ақ, бұрынғы уран кен орындары да радиация көзі болып табылады.Ол аздай елде 118 карьер мен кеніш бар. Онда 237 млн тонна радиоактиивті қалдықтар жатыр. Экологтардың айтуынша, көптеген мұнай өндіруші компаниялары пайдалану барысында радиоактивті болған құбырларды қайта жаңартпайды. Керісінше ондай зиянды құбырларды жинап қояды. Ал оның зияны қоршаған ортаға тарауда. Осылайша жылдап жиналған проблема, еліміз үшін экологиялық қауіп төндіріп отыр.

Дариға Назарбаева - ҚР парламент сенатының төрағасы; «Бізде тұрмыстық қалдықтардан бөлек, 170 млн кубометр радиоактивті қалдықтар жиналған.Бұл ауаны, қоршаған ортаны ластап ғана қоймай, бізді біртіндеп өлтіріп жатыр. Бұл орайда адамдардың өмір сүру ұзақтығын қамту үшін денсаулық сақтау саласына бөлініп жатқан қыруар ақша далаға кеткенмен бірдей. Бір қолмен беріп, екінші қолмен өзімізді өлтіріп жатырмыз».

Экология министрі болса, бұл мәселені біржақты қылу үшін тиісті заңда радиоактивті қалдықтарды реттейтін бап атымен жоқ екенін айтады.

Сондай-ақ, сенаторлар Экологиялық кодекстегі бірқатар нормаларды сынға алды. Жыл сайын елімізде 5 млн тұрмыстық қатты қалдықтар қордаланып қалады. Жалпы жиналған тұрмыстық қалдық көлемі 120 млн тоннаны құрайды. Ал қолданыстағы 3,5 мың полигонның 18 пайызы ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сай. Көптеген полигондар толып кеткен және ескірген. Оған қоса ағымдағы жылы 9 мың заңсыз қоқыс орындары анықталды. Сенат төрағасы Назарбаева ханым, 2020 жылдан бастап полигондарда тамақ және құрылыс қалдықтарын сақтауға тиым салынатынын еске салды. Бұл жағдайда ол қалдықтарды қайда жібереміз, үкіметтің бұған қатысты нақыт ұсынысы бар ма деген сауалды алға тартты. Әзірге құзырлы орган тарпынан мұндай ұсыныс көрмей тұрған сенатор. Аталған тиым жұмыс істемейді деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.