0:00 / 0:00
Орал қаласында жол ережесін бұзып, айыппұл төлемеген азамат 3 күнге қамалды. Оралда жүргізуші өткен жылдан бері өтемей жүрген қарыздарының кесірінен тура абақтыға тоғытылды. Өндіріс ісі сотта қаралып, айыпталушы «М» есмді азаматтың үсінен Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасның 669 бабына сай қаралып үкім шығарды. Жол жүру ережелеріне енген өзгерістерге байланысты қаулы шыққан күннен бастап айыппұлды 30 күннен кешіктірмей төлеуі тиіс. Егерде борышкер бұл талапты орындамаса заң аясында жазасын алатын болады. Айыппұлдарды өндіру бағытындағы жұмыстарды БҚО ӘПБ жүйелі жүргізіп келеді. Полиция өкілдері әкімшілік айыппұлдарды ерікті түрде өтеуге шақырады.Ал, заңды талаптарға құлақ аспай, жүрдім - бардым қараған азаматарға заң шеңберінде қажетті шаралар жасалтын болады.