0:00 / 0:00
Орал қаласында "Рухани құндылықтар-қоғам бірлігінің негізі" атты облыстық имамдар форумы өтті. Батысқазақстандық имамдардың басын біріктірген шарада жақында Нұр-сұлтан қаласында ұйымдастырылған республикалық форумда қабылданған құжаттар таныстырды.
Облыс орталығында батысқазақстандық имамдардың біліктігін шыңдау мақсатында арнайы имамдар форумы өтті. Дін қызметкерлері бас қосқан жиында жақында Нұр-сұлтан қаласында қабылданған құжат жан-жақты талқыланды.
Әрбір екі жыл сайын еліміздің астанасында имамдардың біліктігін арттырып, қоғамның қажеттілігін өтейтін арнайы құжаттар қабылданып келеді. 2015 жылы қабылданған құжатта исламның қандай тармағын ұстану керектігі жайлы кеңінен мағлұмат берілген еді.
Батыс Қазақстан облысында сексен имам қызмет жасауда. Бірақ, дін қызметкерлерінің жетіспеушілігі байқайлады. Сала мамандары кадр тапшылығын оқу орынын бітірген түлектермен толықтыруды көздеп отыр. Биыл 20 жас түлек оқуын аяқтап, жұмысқа кіріспек.