Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Смартфонмен қауышу

c 19:07, 26/11/2019 c 579

0:00 / 0:00

Мемлекетттік қызметкерлер смартфомен қайта қауышатын болды. Осыдан төрт жыл бұрын еліміздің мемлекеттік органдарында қызметкерлерге смартфон қолдануға тиым салынғанды. Енді жақын арада мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл жайында  цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында айтты.

Бүгінде  мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа келе сала, кіре берістегі арнайы жәшіктерге смартфондарын тапсырып, қалта телефондарымен кешке  қайта қауышып жатады. Кіре берістегі күзет те қатал. Қалталарын, сөмкелерін жіті тексеріп, смартфондарын тапсыруды талап етеді. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті, үйреншікті әдетіне айналған. Алайда, замануи технология жаңғырып, цифрландыруға сыбана кірісіп жатқанда мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін смартфон жұмыс үшін қажет болып жатқан жайы бар. Енді араға төрт жыл салып, арман болған смартфонмен қайта қауышатын болды.

Асқар Жұмағалиев – ҚР Цифрлық Даму, инновациялар және аэроғарыш министрі; «Қаулы бүгін бекітілді. Ғимарат иелері мен полиция таяуда тиісті нұсқаулыққа қол қояды. Осыдан кейін ғана мемлекеттік қызметкер смартфон қолдана алады Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі назардан тыс емес екенін түсіну маңызды. Әрине, ақпараттық қауіпсіздік бұл - мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігі».

Басшылар болса, смартфонның қажеттігін айтады.

2016 жылы смартфонды тартып алғандағы себеп, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысында ұялы телефондарын белсенді пайдалануының арқасында құпия ақпарат WhatsApp арқылы сыртқа тарап кеткен болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.