0:00 / 0:00
Жылыжайда марихуана өсірген орал қаласының тұрғыны ұсталды.БҚО Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде үй жағдайында марихуана өсіру үшін жылыжай ұйымдастырған 32 жасар Орал қаласының тұрғынын ұстады. Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің жертөлесінен конопляның 17 бұтағы мен 3 полиэтилен пакетке салынған жасыл-сұр түсті, спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат табылған. Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 300-бабы 1 тармағы (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру) және осы кодекстің 296-бабы 2-тармағымен (өткізу мақсатынсыз есірткі заттармен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 180 құқықбұзушылықты анықтаған. Оның 57-сі қылмыс. Нақтырақ айтқанда, аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтауға қатысты - 15 факті, есірткі заттарын қолдану үшін притон ұстау және ұйымдастыруға байланысты - 2 факті, есірткі контрабандасы бойынша - 9 факті, есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірудің 18 фактісі анықталған.