0:00 / 0:00
Орал қаласында менингококк вирусын жұқтырды деген күдікпен мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылылды. Сала мамандарының мәлімдеуінше науқастың жағдайы бірқалыпты. Қазір ол дәрігерлердің жіті назарында. Жыл басынан бері облыста аталған дертпен 7 адам ем алып, құлан таза айыққан. Бүгінде ми құрты аталып кеткен аурудың 3 типі кездесетін болса, оның ең қауіптісі асқынған 3-ші түрі болып табылады. БҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша дер кезінде ем алмаса адам өмірін қиып кететін дертпен күресудің ең тиімді тәсілі суық мезгілде қоғамдық орындарға барудан бас тартып, жылы киініп, үй ішін жиі тазалап отыру керек.