0:00 / 0:00
Орал қаласында алғаш рет пікірсайыс ойындары британдық парламенттік форматта ұйымдастырылды. Облыстық турнирге 24 команда бақ сынап, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.
Облыс орталығында алғаш рет пікірсайыс турнирі толығымен британ парламентінің форматында өтті. Дебат ойындарын Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жанынан құралған "Ұлағат" пікір-сайыс клубы ұйымдастырған еді. Аталмыш турнир "ЖаҺанша Сап 2" деген атауға ие болды. Аталмыш сайысқа 24 команда қатысты.
Дебат ойындары - бірінші кезекте интеллектуалды ойын. Аталмыш ойын әрбір жасты шешендік өнерге, бұқара алдында өзгенің пікіріне сараптама жасай отырып, ойын емін-еркін жеткізуге , тың жаңалықтарды қалт жібермеуге баулиды. Дебат ойындарын жанына серік қылып, түрлі сөз додасында топ жарып жүрген жастың бірі- Айымбек Сарымсақов. Үш жылдан бері түрлі турнирде шыңдалған жас дебаттер жинақтаған тәжірбиемді педагогика саласында қолданам деп отыр.
Осымен екінші рет облыстық турнирді ұйымдастырып отырған "Ұлағат" пікірсайыс клубы үш жылдан бері колледж студенттерін интелектуалды ойынға баулып келеді. Ұлағаттың пікірсайысшылары облыстық, республикалық тіпті, халықаралық дебат турнирлерінде өнер көрсетіп, жеңімпаз болып, жүлделі орындарға ие болып, білімдері мен шеберліктерін шыңдауда.