0:00 / 0:00
«Самара -Шымкент» тас жолында шетелдік азаматтар құтқарылды. «Vanhool» маркілі автобус Ресейге бағыт алған. Оның ішінде 23 шетелдік жолаушы болған. Олардың 21-і Өзбекстан, екеуі Тәжікстан азаматы. Ресейге бағыт алған темір тұлпардың әуе компрессоры істен шыққаннан соң, олар төтеншеліктерді көмекке шақырады. Сала мамандары Қазавтожолға қарасты жылыту пунктіне азаматтарды орналастырады. Тас жолда сынып қалған жолаушылар кешкі 11-де өзге автобусқа отырып, жоспарлаған жеріне жеткен.