Оралда мектеп оқушысының өмірін қыршынынан қиған жол апатына байланысты туындаған жанжалдан кейін қала әкімдігінен 3 бөлім басшысы өз еркімен қызметінен кетті. Олар қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Нарымбаев, жолушылар көлігі мен автомобильді жолдар бөлімінің басшысы Айдар Меңеев және ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясының басшысы Миржан Нұртазев. Бұл үш маманды жұмыстан шығару қаншалықты дұрыс шешім. Осымен қаладағы адам өлімімен аяқталып отырған жол апаттары азая ма? Қазір 10 жасар Айарудың өлімінен кейін әлеуметтік желіде шу шығып, қала билігі білім беру ошақтарының айналасына жарық бағаналарын орнатып, жаяу жүргінші жолақтарын жаңарту жұмыстары қолға алып жатыр. Қайғылы оқиғадан соң ұрпағының өмірі үшін қам жеген ата-аналар қатары күрт көбейді. Олар мектеп жасындағы балалары баратын білім ошақтарының жағдайы турлы мәселелерді қалта телефондарына түсіріп, жауапты мекемелердің әлеуметтік парақшаларына жолдауда. Мәселен бұл Оралдағы қолданысқа берілгеніне ұзақ уақыт бола қоймаған №37 ЖББОМ территориясы. Өздеріңіз көріп тұрғандай мектеп маңында автобус тоқтауға арналған белгі бар да аялдама жоқ. Балаларға қоса олардың ата-аналары жол жиегіндегі арықтан секіріп өтуде. Бұл мәселе сала мамандарының құлағына тиген. Осы орайда мектеп маңын жарықтандыру жайы да қолға алынуда. Айта кеткен жөн Оралдағы Нұр көшесінде жарықтандыру жұмыстары аяқталып, жол бойына арнайы кедергі орнатылған.