Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қылмыстың алдын-алу

c 18:28, 22/11/2019 c 557

0:00 / 0:00

Орталық базар аумағындағы «Махаббат», «Әли» дәмханалары мен «Барвиха» түнгі клубында болатын құқық бұзушылықтар артқан. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте болған дөңгелек үстелде мәлім болды. Түнгі клубтар мен демалыс орындарының иелері өздеріне тиесілі кәсіпкерлік субьектіге қауіпсіздік құрылғысы саналатын видеоапартты орнатуға қауқарсыз. Бүгінде құлқының қамын жеген кәсіпкерлер түнгі демалыс орындарын таңғы 4-5 ке дейін жаппайды. Ал аса ауыр қылмыстардың дені көңіл көтеру орындарында түнгі уақыт 3 тен кейін болады. Облыс әкімдігінде атап өткендей, аймақта жасалған барлық қылмыстардың 57% - ы бөтен мүлікті иемдену дерегі болып табылады. Олардың дені әлі ашылмаған. Сондықтан кәсіпкерлер өздеріне тиесілі бизнес субьектілеріне бейнебақылау жүйесін орнатуы тиіс. Облыс территорясында орын алған қылмыстар саны азайып келеді. Дегенменде тұрғындар өз мүліктеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Көше бойларына көліктерін қараусыз қалдыру қасқырға қойды бақытырумен тең екенін естен шығармау керек. Көптеген құқық бұзушылық түнгі ойын сауық орталықтарында тіркелетіндіктен тәртіп сақшылары олардың жұмыс жасау уақытын қысқартқан.Оннан аса кәсіп иелерімен кездесуде, сала мамандары құқық бұзушылықтың алдын-алуда тиісті шараларды атқару қажеттігін ескертті. Мәселен таңғы 4-5 ке дейін ойын сауық орындарының жұмыс жасаудың пайдасынан зияны көп екенін жасырмады.Осы орайда елімізде кәсіпкерлерге жарияланған мараторияға қарамастан бейнебақылау құрылғысы орнатылған орындар қылмысты ашу үшін жазылған ақпаратты дер кезінде органдарға беруі тиіс. Бұл жауаптыларды дер кезінде жазалуға септігін тигізеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.