Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарықтандыру жұмысы

c 17:58, 22/11/2019 c 586

0:00 / 0:00

2020 жылы Оралда 15 мыңның астам жарық нүктесі ауыстырылады. Бұл туралы қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазев мәлімдеді. Сонымен қатар 15 мың жарық нүктесі светодиодты жарықшамдарға ауыстырылмақ.

Әселдің 9 сыныпта оқитын қызы Асылды екі апта бұрын көлік қағып кеткен. Бірақ күдікті әлі табылмапты. Миы шайқалып, аяғы сынған жасөспірім өздігінен қозғала алмайды. Оқуын үйден жалғастыруға мәжбүр. Ал анасы кінәлінің табыларынан үмітін үзген. Айта кетейік жыл басынан бері аймақта жол апатынан 90 адам көз жұмған. Олардың ішінде жолды кесіп өтем деп бақилық болғандары да бар. Әсіресе түнде жолдағы адамды көру қиын. Өйткені қаладағы жаяу жүргіншілер жолағы маңында жарық шамдары орнатылмаған.
Бұл іске шаһар бюджетінен 1 миллиард теңге бөлінбек. Қазір қаладағы жаяу жүргінші жолағының 11-і аса қауіпті екені анықталған. Бүгінде солардың төртеуіне жарық орнатылған, қалған жетеуін келер жылы аяқтау жоспарланыпты.Кеше ғана өрімдей қыздың ғұмырын қиып кеткен жол апаты Нұр көшесінде болды. Бұл көшеде тас қараңғы, ештене көрінбейтін еді деп тұрғындар шағымданып отыр. Қазір Нұр көшесіне жарық орнату жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әрине құптарлық іс, талайдың тағдырын құтқарар. Бірақ осы жарық шамдарды орнату үшін біреу міндетті түрде құрбан болуы керек пе еді?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.