Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қателік кімнен?

c 17:50, 22/11/2019 c 781

0:00 / 0:00

Оралда жол апатынан қаза тапқан 10 жасар қыздың сүйегін мәйітханада шатастырып, басқа біреулерге беріп жіберген. Батыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары орталығының директоры Олжас Дүйсенбаев оқиға болған күні жұмыста болған санитарды жұмыстан шығарып, екі қызметкерге қатаң сөгіс бергенін мәлімдеді.Айару Ермектің әкесі Асылхан Қазиев мәйітханаға қызының сүйегін алуға 21 қараша күні сағат 17.00 шамасында барған. Мәйітхана қызметкерлері қыздың сүйегін алып кеткенін мәлімдейді. Қызымды ешкім алған жоқ деп безілдеген әке, мән жайды анықтауға көшеді. Сөйтсе, мәйітхана қызметкерлері Айарудың сүйегін шатастырып Бөкейордасына беріп жіберген. Бұл жаңалық еңсесі онсызда түскен отбасын одан әрі есеңгіретіп жіберген. Бұл туралы жергілікті блогер Айболат Бөкеновтың фейсбук парақшасындағы жазбада жарияланған. Мәселенің мән жайын білмек ниетте сот сараптамалары орталығының есігін қақтық. Директор өз қызметкерлерінің салғырттығын жасырмады.Қаза тапқан Айару Ермек - Бөкей ордасы ауданынан шыққан елге танымал, өнерлі әулеттен. Атасы Ермек, әкесі Асылхан Қазиевтер - белгілі домбырашылар, анасы Әсел Дәулетова - «Ақжайық» би ансамблінің жетекшісі. Айарудың өзі де бимен, гимнастика, каратэмен айналысқан, талабы зор бүлдіршін болған. Осы орайда облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстың кезекті сессиясында қазалы отбасыға көңіл айтты. Осы орайда қала көшелерін жарықтандыру ісінде кеткен кемшіліктер үшін Орал қаласының әкімі Абат Шынбековке сөгіс жарияланды. Ал, сүйекті шатыстырып басқа жерге беріп жіберген мәйітхана басшылығы жауапқа тартыла ма, ол жағы белгісіз. Бізге белгілісі мәйітхана басшылығы сол күні жұмыста болған тазалықшыны жұмыстан шығарып жіберген. Ал екі қызметкер қатаң  сөгіс алыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.