Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нәзік жандылардың құқығы

c 17:48, 19/11/2019 c 555

0:00 / 0:00

Орал қаласында қараша айында 2765 жұп шаңырақ көтерген. Ал, дәл осы айда 1196 отбасы ажырасуға өтініш білдрген. Мұндай мәліметтерді сала мамандары әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында айтып берді. Шара барысында отбасын аман сақтап қалу үшін жасалып жатқан жұмыстар мен атқарылуы керек тапсырмалар пысықталған еді. Қазіргі таңда отау құрмақ болған жандар мен некесін бұзуды көздеген азаматтармен психологтар жұмыстанып жатыр.

Биыл Орал қаласында тұрмыстағы нәзік жандыларға қатысты 765 қылмыс тіркелген. Олардың үшеуінде әйел адам қайтыс болып, 4 деректе қасақана адамның денсаулығына зиян келтіру мен зорлаудың 14 жағдайы анықталыпты. Бұл тек құқық қорғау органдарында тіркелген қылмыстың бір парасы. Тұрмыста ерінен таяқ жеп, отбасын аман сақтап қаламын деп жүрген келіншектердің саны одан да
ықтимал. Жоғарыда аталған деректер шаңырақтың шайқалуына әкеліп соғатыны сөзсіз. Сала мамандары 2019 жылдың қарашасында 2000-нан астам жұп некесін қиды. Ал, осы айда ажырасқандардың саны 1100-ден асып жығылатынын айтады.

Ерлі-зайыптылардың материалдық қиындықтарға төтеп бере алмауы, тұрмыста қол көтеру көп шаңырақтың ортасына түсуіне себеп болып отыр. Биылғы жылдан бастап,некеге тұруға өтініш берген жандар мен ажырасуға бел буғандарға арналған семинар-тренинг ұйымдастырып келеді.

Тұрмыста таяқ жеп, ерінің соққысынан барар жері басар тауы болмаған нәзік жандылар кризистік орталықтарды паналап, мамандардан психологиялық кеңес алып, жаңа өмірге қадам басып жатады.

Қоғамдық бірлестік өкілдері ажырасудың алдын алу мен неке тұрғысы келетін жандарға арналған тренингтерді көптеп ұйымдастыру керектігін айтады. Бұл жоба 2020 жылы да өз жалғасын тапса деп отыр. Мамандар бір отбасын ажырасудан аман сақтап қалсақ, бүтіндей қоғамға пайдамыздың тиегені,- дейді.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.