0:00 / 0:00
Оралдағы 4 мектеп үш ауысымда жұмыс жасайды. Олардың барлығы да халқы күн санап көбейіп келе жатқан Зачаганск шағын ауданында орналасқан. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялық қызметінің баспасөз алаңында сала мамандары мәлімдеді. Халық саны көп қоныстанатын аудандарда әлі де болса үш аусымдағы мектептер бар. Мәселен шаһардаға үш ауысымда білім беріп отырған мектептердің барлығы да Зачаганск шағын ауданында. Осы қиындықтан шығу үшін ауданда қазір 900 орынға арналған жаңа мектеп салынып жатыр.Үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін түбегейлі шешу бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Оралда алдағы уақытта қос бірдей мектептің бой көтеретін ескерсек те, халқы күн санап көбейіп келе жатқан шаһарда мектеп жасындағы балалар саны азаймасы анық. Бүгінгі таңда 51 мектепте 54 мың оқушы білім алуда. Ал өңірде барлығы 7 мектеп апатты жағдайда деп танылған.