Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балалар болашағы үшін

c 17:04, 15/11/2019 c 668

0:00 / 0:00

Бүгін - өмірге құлшынысы ерекше сәбилердің күні. 9 айға толмай өмірге келген сәбилерді медицина тілімен «шала туғандар» деп атайды. Алайда ағзасы жетілмей дүние есігін ашса да, өліммен күресіп, оны жеңетін нәрестелер көп. 244 грамм - әлемдегі ең шала туған баланың салмағы бұл. Облыс бойынша салмағы ең аз сәби 500 граммен  өмірге келген. Облыстық перенаталдық орталықтағы өткен шараға ай күні жетпей туылып, дамуы жағынан ешқандай кідірісі жоқ дені сау 20-ға жуық бала аналарымен келді. Оларға медицина саласының мамандары қажетті ақпараттар берді. Өңірде бүгінге дейін 300 бала шала туса, 30 бала қиын жағдайда дүние есіген ашқан. Дені сау ұрпақ әкелу барша ата-ананың арманы. Бұл мақсатқа жетуде жоспарлы жүктілік қажет дейді медицина өкілдері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.