0:00 / 0:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімдігі мен үкіметке марганец өндіру кәсіпорнының құрылысына қатысты тапсырма берді. Бүгін мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған болатын. Ал осы мәселеге қатысты бүгін елордада баспасөз маслихатын өткізген кәсіпкерлер Ақмола облысына зауыт салып, ауыл тұрғындарына 250-ге жуық тұрақты жұмыс орнын ашатын өндіріске әкімдік кедергі келтіруде деп отыр.Толығырақ тілші репортажынан
Ақмола облысының Жақсы елді мекенінде марганец өндіру кәсіпорнының құрылысы жүргізіледі дегеннен-ақ, жергілікті халық қарсылық білдіруде. Ауыл тұрғындары бұл құрылыс қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына зиян келтіреді деп алаңдайды. Жақсыдағы бұл даулы мәселе ел Президентінің құлағына жетіпті. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақмола облысына сапарында осы мәселеге қатысты тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев –ҚР Перзиденті; "Жақсыда марганец өндіретін кәсіпорын салу мәселесі көтеріліп келеді. Тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Әкімдік пен үкімет шешім қабылдаған кезде халықтың ойын ескеру керек"
Басында бұл жоба көпшіліктің көңілінен шыққан. Тіпті жалақы көлемі 300 мың теңге болады деген соң, жұмысқа тұруға ниет білдіргендер де болған. Кейін, халықтың ойы өзгерді. Компанияның кен игеруге рұқсат берген барлық құжаттары бола тұра жергілікті билік жерді бермей отыр. Ал наразылық білдіріп отырған халықтың артында біреулер тұр дейді инвесторлар.
Жақсы елді мекенінде марганец кен орнын геологиялық барлау жұмысы 4 жыл бұрын аяқталғанды. Кәсіпкерлер алаңдаушылық танытып отырған тұрғындарға марганецтің еш зияны жоқ екенін айтып сендіреді.
Жақсыдағы жобаға қатысты марганецті бес жыл бойы өндіру жоспарланған. Жобаға 16 миллиард теңге қаражат салып, 240 жұмыс орнын ашу көзделуде. Инвесторлар өндіріс жұмысына заманауи технологияны қолданамыз деп отыр. Жан-жағына 3000 ағаш отырғызып, жасыл желекке айналдырмақ.