Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пауладардың проблемасы

c 20:13, 14/11/2019 c 1019

0:00 / 0:00

Павлодар облысы онкологиялық аурурларға шалдыққандар саны бойынша көш бастап тұр. Тек биылдың өзінде өңірде қатерлі ісікке шалдыққан 11 мың адам тіркелген. Ал өңірдің экологиялық ахуалы да көңіл көншітпейді. Қазақстанда ауаға таралатын өндірістік зиянды қалдықтардың төрттен бірі осы Павлодар облысына тиесілі. Себебі, облыста 2 мыңға жуық өндіріс орындары бар.  Пауладар облысындағы қордаланып қалған мәселелер бойынша және өңірді дамыту жоспары жайында әкім Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда өткен дәстүрлі брифингте айтқан еді.

Журналистерді елордаға ат басын тіреген Пауладар облысының әкімі Болат Бақауовтың тап-тамаша баяндамасынан гөрі, өңірдегі өзекті мәселелер көп мазалады. Қатерлі ісік аурулары бойынша Пауладар облысы көш бастап тұр. Өткен жылы жаман аурудан елімізде 14 мыңнан астам адам көз жұмса, оның мыңға жуығы осы өңірге тиесілі.  Ағымдағы  жылы онкологиялық аурулардың алдын алуға мемлекет 4,3 миллиард теңге бөлсе, оның 218 миллионы осы Павлодар облысына аударылған.

Сондай-ақ, өңірде экологиялық ахуал да мәз емес. Қазақстанда ауаға таралатын өндірістік зиянды қалдықтардың төрттен бірі Павлодар облысының үлесінде. Өнеркәсіп көрсеткіші бойынша да көш бастап келеді. 2000 өндіріс орны бар. Алайда, бұдан аймақтың экологиясы зардап шегуде. Пауладарлықтардың денсаулығына сапасыз ауыз су немесе  өндірістен тараған зиянды қалдық әсер етіп отыр ма, оны әкім өзі де білмейді.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын атмосфераға 4,5 млн тонна зиянды заттар таралады. Ауаны ластайтын қалдықтардың 4-тен бір бөлігін Павлодар облысындағы зауыттар шығарып отыр. Оның 98 пайызы– Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларындағы  өндірістерге тиесілі. Сондықтан, экологтар осы қалалар мен оған жақын орналасқан ауылдардың  экологиясына алаңдаулы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.