Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да биылғы жылдың 10 айдың ішінде 547 адам жоғалған

c 17:54, 13/11/2019 c 553

0:00 / 0:00

Ел аман, жұрт тыныш қоғамда адамдардың жоғалып кету жағдайы белең алып барады. Із-түссіз жоғалып кеткендер жайындағы ақпарға құлақ үйренгені сондай, селт етпейтін күйге жеттік. БҚО-да биылғы жылдың 10 айдың ішінде 547 адам жоғалған. Ал, 6 жылдың көлемінде 30- ға жуық адам мүлдем із-түзсіз кеткендер санатында. Із-түссіз кеткендер неге оралмайды? Оларды қанша жыл іздейді? Із-түссіз жоғалғандар санатында 41 жастағы Абай Жолаев та бар. Биылғы жылдың 2-қарашасында жоғалып кеткен оны туыстары іздеуде. Хабар-ошарсыз кеткен ер адамның соңғы аялдаған жері орталық базар маңындағы "Әли" кофесі екен. Қазір аталған істі БҚО ІІД -де өз тіркеуіне алған. Десек те, із-түссіз жоғалған Абай Жолаев жөнінде әлі күнге дейін бірде - бір хабар болмай отыр. БҚО ПД-нің қызметкерлері туыстарынан хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздерде аурухана, мәйітхана сынды мекемлердің барлығы жіті тексерілетіндігін айтады. Дегенмен, жыл артына жыл жалғап, жоғалған адам жөнінде бірде - бір мәлімет табылмаған жағдайда, яғни 10 жылдан кейін іс тоқтатылады. Криминалдық полиция басқармасы жоғалған өңір тұрғындарын іздестіруде әскери құрылым сарабаздары мен құтқарушыларды жұмылдырып келеді. 2020 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Еріктілер жылы " деп жариялады. Осыған орай, еркітілермен де тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауға ниетті. Өйткені, жоғалған адам жөнінде қандайда бір ақпарды алуда еріктілердің алар орны - ерек. Адам жоғалған жағдайда не істеу керек?! Туысы эмоцияға салынбай, ақпарсыз кеткен адамның қайда?, қашан? ,кіммен кеткені жөнінде мәліметті жұмыс орнына немесе оқу орнына қоңырау шалу арқылы анықтау - маңызды. 1 сағат көлемінде атқарған іздестіруіңіз нәтижесіз болса, "102" нөміріне қоңырау шалуы керек.

 

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.