0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысы жолдарының небары 28 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары мәлімдеп отыр. Аталмыш көрсеткішті жақсарту мақсатында биыл қазынадан 27,3 млрд теңгедей қаражат бөлініп, 364 шақырым тас жолды жөндеу жоспарланыпты. Қазіргі таңда оның 357,7 жөндеу көрген.
Жол мәселесі -батысқазақстандықтар үшін өзектілігін жоғалтпаған күрделі мәселе. БҚО бойынша жолдардың 28 пайызы ғана жақсы және қанағаттанарлық деген баға алыпты. Сала мамандары аталмыш көрсеткішті жақсарту үшін биыл 364 шақырым тас жолға тақтайдай асфальт салуды көздеген болатын. Бүгінгі таңда жоспарланған нысанның 357 шақырымына жол салынған.
Әсіресе көктем мен күзде ауылдан облыс орталығына қатынай алмай, көліктері батпақтан тұралап қалатын аудандардың да бары жасырын емес. Осы мәселені Ақ жайыққа сапарлап келген елбасы да көтеріп, шалғай жатқан Бөкей Ордасы, Жәнібек пен Қазталовтың тұрғындарына сүйінші хабарды жеткізгені есімізде. Президенттің тапсырмасы 2021 жылы толықтай аяқталып, үш ауданға жоқ бармақ.
Келешекте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары Ақжайық ауданына қарасты Чапай ауылыны маңында Жайық өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін салуды жоспарлап отыр. Аталмыш көпірдің құрылысы үшін 36 млрд теңгедеден астам қыруар қаржы керек. Қымбат жоба алыс -жақын шетелге апартын тас жолды қысқарып, жаңадан жұмыс орынының ашылуы мен инфрақұрылымның жаңаруына мүмкіндік ашпақ.