0:00 / 0:00
Бөрлі ауданында бауыр еті баласына алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген 87 адам анықталды. Олардың балалары алдында қарызы 12 млн теңгені құрайды. Аудандық прокуратура өкілдері 9 адамды әкімшілік құқық бұзушылықтың 669 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 53 борышкерге уақытша шетелге шығуына тыйым салған. Құқық қорғау саласының мамандары үш айдан астам уақыт алимент төлемей, қасақана жалтарып жүрген жандар қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.