Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

176 келі қызыл балық еті тәркіленді

c 17:29, 11/11/2019 c 1847

0:00 / 0:00

Бекіре балығын  заңсыз тасымалдамақ болған Батыс Қазақстан облысының  48 жасар  тұрғыны құрықталды.  Бұл туралы полиция департаментінің мамандары хабарлады.   Оқиға өткен аптада Орал-Желаев тас жолындағы  көліктерді тексеру барысында анықталған.   БҚО ПД баспасөз қызметкері Асылай Ғұбашеваның мәлімдеуінше жүк тасымалдағыш күдікті көліктен 176 келі бағалы балық еті тәркеленген.  Балық бірнеше қапқа салыныпты. – Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша  (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,-деді Асылай Ғұбашева.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.