Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ізгілікті істің иесі

c 16:49, 08/11/2019 c 784

0:00 / 0:00

Қазан айының соңғы жексенбісі - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Бұл - әлеуметтік, психологиялық сипаттағы мәселелерді шешу мен көмек беруге дайын, қамқорлыққа, қолдауға зәру, қоғамның айрықша назарына мұқтаж жандарға қол ұшын беруге дайын жандардың мейрамы. Мереке қарсаңында аталмыш қызметті бірнеше жылдан бері атқарып жүрген еңбек иелері облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев құттықтады.Қазіргі таңда əлеуметтік қызметкер - белгілі бір көмекке мұқтаж адамдарға демеу болар адам ғана емес, ол қоғамның əл-ауқатын жақсартуға бағытталған əлеуметтік саясатты реформалауға қатысушы десек те болады. Салтанатты жиында халықты әлеуметік қорғау саласында ұзақ жылдардан бері еңбек етіп, әлеуметтік саланың дамуына үлес қосқандар, сала қызметін табысты ұйымдастырудағы еңбегімен танылғандар кәсіби мерекеге орай ҚР денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің наградаларымен, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Солардың бірі Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының палата санитары Ольга Меняйлова. Осы салада 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Ольга Васильевна «Еңбек ардагері» медалін кеудесіне тақты. Орал қаласы бойынша 116 әлеуметтік сала қызметкері болса, олардың 117-сі әлеуемттік қызметкер.Өңіріміз бойынша бүгінде әлеуметтік салада 3000-нан астам маман жұмыс жасайтын болса, олардың 700-і халықтың әлжуаз топтарымен тікелей жұмыстанып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. 5000-нан астам көмекке зәру жалғыз басты қариялар, бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға психо-неврологиялық патологиясы бар балалар осы жандардың мейіріміне бөленіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.