0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт орнынан 95 жастағы кейуананың мүрдесі табылды,БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 5 қараша күні Бәйтерек ауданы Дариян ауылында орын алды. Сағат 05.45-те тұрғын үйдің өртенгені жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жиһаздар мен жеке заттардың (аумағы - 25 шаршы метр)жанып жатқанын анықтады. Өрт орнынан 1924 жылғы азаматшаның денесі табылды. Оған қоса бір адам орта дәрежелі газдан уланған.