0:00 / 0:00
Қала тұрғындары соңғы бір айдың өзінде тұтыну тауарларының күрт өскендігін айтады. Статистика мәліметі: жұмыртқа- 1,9 пайызға, сүт өнімдері 5,7 пайызға, жарна өнімдері - 8,2 пайызға, ет және құс еті - 11,6, нан бағасы - 27,3 пайызға көтерілгендігін көрсетіп отыр. Ал, қант бағасы - 15,8 пайызға арзандап отыр. Нарықтағы бағаның өсуі - қалтаға ауырлық салып жатқандығын айтқан сатып алушыларды табу қиынға соқпады. Ал сатушылар болса, нарықтағы күрт өзгерген бағаға өзгелерден қалмай ілесуге мәжбүр екендіктерін айтады. Сарапшылардың айтуынша, жаңа піскен көкөністердің арзандайтын мерзімі биыл бұрынғыдан ертерек бітіп жатыр. Бұл жағдайға күннің күрт сууы себеп болса керек. Бұдан өзге, қазан айында азық-түлік емес тауарларға жатқызылатын фармоцецевтикалық өнімдер - 0,3 пайызға, киім - кешек - 0,4 пайызға, сонымен қатар тұрмыстық бұйымдар 2,5 пайызға шарықтаған.