0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысына Ұлыбритания, Ақш пен Нидерланды Корольдігінің өкілетті елшілері табан тіреді. Қазақстан Республикасында қызмет жасап жатқан елшілерді облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев қабылдады. Меймандар Ақ жайық өлкесіне келген мақсаттарын баяндап беріп, Қазақстан мен Ұлыбритания, Ақш, Нидерланды арасында тауар айналымға тоқталып, экономикалық қарым-қатынасты нығайту жайында пікірлерін ортаға салды. Үш елдің өкілетті елшілері жұмаға дейін облыстың тұрмыс-тіршілігімен танысып, кәсіпкерлермен кездесіп, екі жақты қарым-қатынас орнату тақырыбын талқыламақ.