0:00 / 0:00
Облыстық әкімдікте Орал қаласының көркіне көрік қосып, жасыл әрі әдемі шаһар статусын сақтап қалу үшін қандай атқарылуы керек жұмыстар пысықталды. Қазіргі таңда аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс орталығы 20 округке бөлініп, мониторингтік топ бақылау жүргізуде. Аталмыш мобильді топтың жұмыс жасағанына біраз уақыт болмаса да, 500-ге жуық сауал келіп түскен.
Жиында Орал қаласының абаттандыру, оның жарықтандыру мәселесі талқыланды. қала әкімі облыс орталығын көгалдандыру мәселесін баяндады.
Осы орайда, облыс әкімі жиынға қатысып жатқан барлық кәсіпкерлерге қараша айында ағаш отырғызуға болатынын еске салып өтті. Кейін, атқарушы билік өкілдері жарықтандыру мәселесінде ортаға салды. Орал қаласында өзге қалаларда көп кездеспейтін тарихи ғимарат көп. Олардың біразы жеке компаниялардың қол астына берілген. Тарихи ғимараттардың арқасында пайда тауып отырған кәсіпкерлер ғимараттарды кеште жарықтандыру керектігін ұмыт қалдырып, жарық қосса да оны сапасын материалдан жасап жатқандығы да сөз болды. Сондай-ақ, көшедегі жарнаманы дұрыс қолдана білген кезде, шаһардың көркіне көрік қосатыны жасырын емес. Бүгінде облыс орталығында жарнамаға тиесілі 164 нысан бар. Бірақ, басым көпшілігі заңнама талаптарына сәйкес келмейді.
Облыс әкімі Ғали Есқалиев жеке кәсіпкерлер мен атқарушы билік өкілдерін Орал қаласын абаттандырып, жарықтандырып, шаһардың сәулетін арттыру үшін жұмыстарында аянбай еңбектенуге шақырып, жиынды қорытындылады.