0:00 / 0:00
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы еліміздің түрлі өңірде түрліше орындалатын діни жоралғыларды бір ретке келтіру үшін арнайы 3 құжат қабылдады. Діни басқармасының мамандары жаңашылдықты Нұр-сұлтанда өткен республикалық имамдар форумында таныстырды. Қабылданған құжаттардың бірінде діни қызметкерлердің қандай болу керектігі мен қызметі жайлы жинақталса, екінші жинақ діни жоралғыларды бірізділікке салуға арналыпты. Қазіргі таңда адам баласының дүниеге келгенінен бастап, өмірден озғанына дейін атқарылатын жоралғылар әр өңірде түрліше орындалатыны жасырын емес. Бұл өз кезегінде бұқара халық арасында түсініспеушілік тудырады. Мысалы, жаназа шығаруда әр облыс әртүрлі атқарып, қазылатын қабірде түрліше болады. Осындай ерекшеліктерді жою үшін арнайы кітап жарық көрген.