0:00 / 0:00
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша шаһардағы аграрлық секторда 56 шаруа қожалығы бар. Олардың дені өсімдік шаруашылығын қолға алғандықтан жылыжай жұмысын жандандыруда. Шаһар территориясында мұндай 8 кешен жұмыс жасайды. Олардағы бірінші дақылайналымда 32,7 мың шаршы метрге көкөніс дақылдары отырғызылып, 148 тоннаға жуық өнім жиналған. Сондай-ақ, Зачаганск кентінде тағы бір ірі жылыжайдың құрылысы басталған. Өңір шаруаларының да қамбалары астыққа толған. Жерден ризығын тапқан еңбек адамдары 243 мың га алқаптан 10,2 ц/га орташа өнімділікпен алғашқы салмақта 249 мың тонна астық жинаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 центнерге артық. Жаздың қуаңшылығына қарамастан төрт түлікеке қажетті жем шөп те жетеді. Ал майлы дақылдар өнімдерін жинау жұмыстары ауа-райы қолайлы болса алдағы аптада аяқталатын болады.