0:00 / 0:00
Оралда апатты үйлерді жою мәселесі мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында сәтті жүзеге асуда. Мәселен, Некрасов көшесі 22 мекенжайында бой көтеріп жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қызған. Жоспар бойынша 56 пәтерлік баспана келер жылы пайдалануға берілмек. Апатты және ескі үйлерді жоюдың мемлекеттік жеке меншік қағидасымен жүзеге асырыру аясында 2015-2019 жылдары 17 үй бұзылды. Нәтижесінде осыдан 5 жыл бұрын Оралдағы тозығы жеткен үйлер 200-ден асса бүгінгі таңда жоба аясында олардың саны 41-ге азайған. Қазір Оралда апатты және тозығы жеткен үйлерде барлығы 1448 отбасы тұрады. Ал, Некрасов көшесі бойындағы бой көтеріп жатқан 56 пәтерлік баспанаға апатты үйде тұрған 12 отбасы көшірілетін болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта 65 пәтерлік 5 апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу жоспары тұр.