0:00 / 0:00
Оралда «Ақжайық» шағынауданы бағытына жоспарланған көпірдің жобасы өзгертілмек. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Менеев айтты.Естеріңізге сала кетейік, осы көпір мәселесі халықтың арасында қызу талқыланған болатын.Оағн себеп бұған дейін көпір Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағы маңындағы табиғатқа зиян тигізеді деп белсенділер шу шығарған болатын. Енді көпір мәселесі қалай шешілетіндігін қалалық әкімдікте өткен брифинг барысында айтылды.Орал қаласы бойынша қолға алынып отырған ірі жобалардың бірі - «Ақжайық» шағынауданы бағытына салынатын көпір құрылысы. Алғашқы ұйымдастырылған қоғамдық тыңдаудан кейін жобаны өзгерту қолға алынуда. Бұған дейін қалалық демалыс және мәдениет саябағындағы 1500-дей теректің кесіліп, 50-60 үйдің сүрілетіні туралы айтылған болса, енді көпір саябақтан қашық жерден салынбақ.Жабайы өскен 700-дей терек қана кесілуі мүмкін. Әрі бұл теректердің орнына мердігер компания бес есе көп тал отырғызып, кепілдік мерзіміне сай күтіп-баптайтын болады. Ақжайық шағынауданына тезірек жету үшін салынатын көпірге бюджеттік және шетелдік қаржылар да тартылуда. Оған бөлінген қаржы 7 млрд. теңге. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан биылғы жылы 20 нысан бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Олардың бесеуі 2018 жылдан өтпелі жобалар. Төрт жоба - Қарашығанақ петролиум оперейтинг б.в. қаражаты есебінен, 11 жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда. Қазіргі уақытта осы 19 жоба бойынша іс жүргізілуде. Ал бір нысан, яғни Сарыарқа шағынауданындағы жол жөндеу жұмысы жобалық-сметалық құжаттамадағы қателіктерге байланысты кешіктіріліп отыр. Жобаның жалпы құны - 1 млрд. 250 млн. теңге. Сәтін салып, биыл алғашқы 125 млн. теңге бөлініп, шағынауданға жол салу басталды.