0:00 / 0:00
Шыңғырлау ауданында жыл басынан бері 20 шаруа қожалық ашылып ауданда өз-өзін жұмыспен қамтығандар саны артқан. Сәйкесінше ауданда ауыл шаруашылығы саласы жақсы көрсеткіштерге ие. 20 қазандағы жағдай бойынша мүйізді ірі қара малының саны 34 мың басты құрап немесе былтырғы жылдың осы кезеңінен салытырғанда 6,9 пайызға өскен. Сонымен қатар ауданда асыл тұқымды ірі қара мал басын өсіруге бағытталған 7 шаруа қожалығы тіркелген. Олар «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша төменгі пайызды несие алып, отбасылық кәсіпті одан әрі жандандыруға бет бұрған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметінің баспасөз алаңында аудан әкімі Ержан Рысжанұлы мәлімдеді.
ЕРЖАН НҰРМАҒАМБЕТОВ