0:00 / 0:00
Аудан әкімдерінің жалақысы миллионға жақындағаны рас па? Жуырда аудан әкімдерінің мәртебесі жоғарылап, оларға "саяси мемлекеттік қызметші" дәрежесі берілді. Осы орайда кейбір БАҚ-та аудан әкімдерінің жалақылары 600-700 мың теңге көлемінде деген ақпараттар тарап кетті. Аталған сауалға бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев жауап берді.