0:00 / 0:00
Орал қаласында кудо спортынан балалар арасында турнир өтті. Байрақты бәсеке облыс орталығында осымен 4-ші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы шара бес жастан бастап, 18 жасқа дейінгі балалар асында өтті. Спорттық шараға 400-ге жуық жас спортшы қатысып, бақтарын сынады.
Орал қаласында кудо спортынан 4-ші аймақтық турнир ұйымдастырылды. Аталмыш додаға Орал, Атырау, Ақтөбе, Қостанай мен Ресейдің Саратовынан 400 спортшы келіп, өнерлерін ортаға салды.
Кудо- бұл каратэнің бір түрі. Аталмыш спорт түрінен бокс, тайлық бокс, дзюдо мен каратэнің түрлі элементтерін құралған. Сала мамандары кудо спорты баланың өз-өзіне деген сенімділігін нығайтады,-дейді. Бұл пікірлермен ата-аналар қауымы да келісіп отыр.
Жыл санап кудо спортын жанына серік қылған жандардың саны еселеп артып келеді. Олардың 100-ге жуығы Батыс Қазақстан облысының құрамасына енген. Құрамаға енген спортшылар ел намысын түрлі байқауларда қорғап, үздіктердің қатарынан табылуда.