Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аяқсыз қалған құрылыс

c 19:56, 25/10/2019 c 861

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтанда атына заты сай болмай шыққан «Территория комфорта" тұрғын үй кешені құлатылып жатыр. Елорданың сол жағалауындағы салынып бітпеген ғимаратты құлату жұмысы осы түнде басталды. Сол маңда тұратын елорда тұрғындарын гүрсіл мен шуды естіп қатты шошынған. Тіпті тұрғындар жарылыс болған екен деп сасқан.

Үлескерлер проблемасы елорада әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей тұр. Енді салынып басталған тұрғын үй құрылысына жиған-тергенақшасын құйған үлескерлерді алдап кетіп жатқан алаяқ құрылыс компаниялар көп. Соның бірі -Tamiz Invest Group құрылыс компаниясы «Территория комфорта» кешендерін 2004 жылдан бастап салып бастаған еді. Алайда ақясыз қалдырды. Енді компания басшылары үлескерлердің қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Ал мына үй апатты жағдайда тұрғандықтан, сырып тастауға шешім шығарылған боалтын. Құрылысшылар ғимаратты бөлшектеуге кірісті. Мамандардың айтуынша, бұл үйді салуда  техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасы қолданылған.  Алайда, аяқсыз қалған үйді бұзу барысында маңындағы үйлердің тұрғындарының зәре-құтын қашты. Бүгінгі түнде үйді құлату барысында, тарсыл-гүрсіл шуды естіген тұрғындар жарылыс болған екен деп қорықтық дейді.

Тіпті тұрғындар әлеуметтік желіге жазып, қала әкімдігінен түн тыныштығын беруді сұрады. Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында орналасқан бұл тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары қыркүйек айында басталған еді. Ал үйді толық құлатуды түнде жүзеге асырудағы себеп, күндіз адам көп жүретіндіктен, қауіпсіздік үшін осылай шештік дейді құрылыс маманы.

Құрылысшылар үш-төрт күн ішінде ғимаратты бөлшектемекші. Осыдан кейін ол қалдық ретінде шығарылады немесе іргетас салу үшін алдағы уақытта пайдаланылады, шешімді қала әкімшілігі қабылдайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.