0:00 / 0:00
Орал қаласының Саратов трассасы бойындағы Д 1000 мм қысымды кәріз коллекторының қайта жаңарту жұмыстары айдың аяғына дейін жалғасады. Жалпы ұзындығы 4,7 км болатын жобаға бюджеттен 500 млн.теңге бөлінген.Жоба бойынша бұл нысан 2020 жылы ауыстырылуы тиіс еді. Алайда аталған кәріз колекторында бүгінге дейін 20-ға жуық апат болғандықтан әзірге төтенше жағдай туындайтын құбырдың ең қауіпті тұсы қайта жаңғыртылуда. Бүгінде атқарылуы тиіс жұмыстардың 60 пайызы орындалған.
Ұзындығы 1,5 км болатын материалдар сатып алынып, қазіргі таңда 1080 метр құбыр монтаждалған. Жөндеу жұмыстары шамамен 10 күннен соң аяқталмақ. Айта кетейік, қазір "Батыс Су Арнасы" ЖШС мемлекет балансына қайта берілді. Қазір осыдан бірнеше жыл бұрын ауыстырылған құбыр жұмысын жүргізген мердігер компаниясына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.