Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықты жою

c 17:30, 18/10/2019 c 1034

0:00 / 0:00

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, облыс әкімдігінің қолдауымен «Қазіргі кезеңдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелер: мемлекет пен қоғамның өзара әрекеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған облыс және аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты.Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша 116 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркеліп, оның ішінде 39 құқық бұзушылық жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің қатысуымен болған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 41%-ға төмен. Бүгінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері көбінесе жер, сәулет және қала құрылысы, білім беру және медицинада салаларында орын алып отыр. Елбасының Жолдауына сәйкес, 2019 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды 80 пайызға жеткізу міндеті қойылды, - деді жиында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев.«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтің айтуынша «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысының мақсаты - Елбасы Н.Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларын қолдау. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына сараптама жасап, кемшіліктерді анықтау деді. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің осындай олқылықтарға жол беруі бүгінгі таңда өзекті мәселе екенін де атап өтті. Облысымызда Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және мемлекеттік қызметтің жоғары мәдениетін қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен әдеп жөніндегі кеңесте 5 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылған. Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне қарсы тұрудың тиімділігіне түбегейлі әсер ететін бірқатар ережелер талқыланып, оның көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыруға және қоғамға қарсы құбылыстың салдарын барынша азайту жан-жақты талқыланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.