Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аурудың алдын ал

c 20:23, 17/10/2019 c 638

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау министрлігі аурудың алдын алуға кеңес береді. Ол үшін еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов, қызметкерлерге медициналық тексеруден яғни скирингтен өтуі үшін төленетін бес күндік отпуск беруді ұсынады.  Бұл жайында министр Мәжілісте Денсаулық сақтау туралы Кодексті таныстыру барысында айтты.  Бұл норма осы кодексте қарастырылған. Онда  егер қызметкер жұмыстан  боса алмай скринингтен өтпей жатса, ол үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі қарастырылған. Ал жұмыс беруші мұндай отпуск бермей жатса, жұмыс берушіге айыппұл салынады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың өз денсаулығына дұрыс қарауы үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді қарастырып отыр.  Министрдің пікірінше, адамдар өз денсаулығына немқұрайлы қарайды. Олар аурудың алдын алуды ойламайды. Сырқаты әбден асқынғанда барып дәрігерге жүгінеді. Сондықтан қолға алған шаралардың көбі алдын алуға және екпе жасатуға бағытталған. Ал жүкті әйелдер дер кезінде есепке тұрмаған жағдайда, жүйелі медициналық тексеруден өтпегендерді,  екпеден бас тартқандарды әкімшілік жауапакершілікке тарту  ұсынылды.  Дәл осы мәселе қазір әлеуметтік желіде жиі талқыланып жатыр. Онда мыңдаған қол жинап, кодекстегі балаларға екпе жасауды міндеттеу нормасына қарсылық білдіріп жатқандар бар. Алайда министр Біртанов, екпе алмаған балаларды балабақшаға қабылдауға  тиым салынатынын айтады. Елімізден екпеден бас тартып жатқандар саны артып отыр. Мұның арты жақсы болмайды, өлім-жітім де орын алуы мүмкін дейді министр.

Министрдің мәліметінше, биыл қызылша жұқпалы ауруы ушығып кеткен. Кісі өліміне әкеп соққан 14-15 оқиға тіркелді.  Оның көбі екпе алмаған балалар дейді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.