Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Намысыма тиген жоқ

c 18:50, 16/10/2019 c 706

0:00 / 0:00

Экология  министрі Мағзұм Мырзағалеив тағы да Мәжіліс төрағасынан сөз естіді. Министр бүгінгі өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қорғаған болатын. Депутаттар жобаны қолдағанымен, министр Мырзағалиевтің жауабына көңілі толмай, сынап тастады.

Қоршаған ортаны қорғауды енді қолына алған министр Мырзағалиевтің мәжілісте жол болмай қойды. Өткен жолғы отырыста палата төрағасынан сумен қамтуға ақшаны қысқартып тастадың деп сөз естіген болатын. Бұл жолы экологияны қорғауға арналған конвенциядағы ауаға тарайтын зиянды заттар үшін ірі кәсіпорындағы қойылатын талапты білмей отыр. Депутаттар сұрағына жауап бере алмаған министрге, спикер Нығматулин заңды ашып тұрып, жауапты оқып беруге мәжбүр болды.

Еліміздің бас экологын әбден сынаған мәжілісмендер, хаттаманы қолдап, мақұлдады. Ал депутаттардың сынына шыңдалып алған Мырзағалиев намыстанып тұрған жоқ.

Министрдің дерегінше, өткен жылы Қазақстанда ластаушы заттардың жалпы көлемі 2,5 миллион тоннаны құраған. Заңда  ауаны ластап отырған ірі кәсіпорындарға қойылатын талаптар күшейтіліп отыр.

Айта кету керек, қоршаған ортаға зиян әкелетін қалдықтардың бірі-пластик пен полиэтилен. Жүз жылдап жата беретін бұл қалдықтың зияны зор. Алайда   Қазақстанда әлі күнге дейін палстикті қайта өндіретін зауыт жоқтың қасы. Сол себепті де, елімізде қоқысты сұрыптау мәселесі аяқсыз қалып отыр.

Экология министрлігі Қазақстанда ауаны, табиғатты ластайтын қауіпті заттардың электронды дерекқорын жасады. Қазір елімізде бірінші санаттағы ластауыш болып саналатын 2200 ірі кәсіпорын бар. Енді жоғарыда аталған конвенцияға сәйкес, қазақстандықтар арнайы әзірленген веб-сайт арқылы 24 сағат бойы кез келген кәсіпорынның мәліметтерін қарай алады. Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында бұл конвенцияға қосылып отырған алғашқы мемлекет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.