Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қараша айына дейін Орал қаласындағы Х. Есенжанов көшесі қолданысқа беріледі

c 17:56, 15/10/2019 c 592

0:00 / 0:00

Биыл ұзындығы - 53 шақырым болатын қаланың 41 көшесіне жөңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Осыған орай, күн тәртібінде - 7 миллиардтан астам теңгені игеру жұмысы тұрғанды. Бірақ, жобалардың басым бөлігі өтпелі кезеңмен келер жылға қалып отыр. Бастама аясында күрделі жөндеуден өткен Есенжанов көшесі де бар. Аталмыш нысан қазан айының 20-сына таман қолданысқа берілмек, - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.  Конкин көшесінен басталып, Есенжанов көшесіне жалғанып, М10 аялдамасынан бітетін бұл жол "ҚПО б.в." компаниясының 650 млн. жуық қаржысына күрделі жөнделді. Жалпы ұзындығы - 3,3 шақырымды құраған жөндеу жұмыстары 99 пайызға аяқталғанымен, іске жауапты "ДСК Приоритет" ЖШС-гі жолды қолданысқа тек қазан айының соңына дейін тапсырмақ ниетте екен. Аталған жолмен жүретін №35 және №7 автобусқа үйренгендер: "Жаз бойына автобус машақатын көріп келеміз" ,- дейді. Омега ауданына қарасты Есенжанов көшесі жол өткелімен тығыз байланысты. Өйткені, аталмыш жол өткелі оралдықтар үшін аса маңызды нысан. Салынғанына жарты ғасырдан асқан көпір сол уақыттан бері жөндеу көрмей, әбден тозығы жеткен болатын. Көпір өткелі өткен жылдың күз мезгілінде толықтай бұзылып, қайта құру жұмыстары «ҚПО б. в.» есебінен қаржыландырылды. Жобалық-сметалық құжаттама бойынша күрделі жөндеу келер жылдың көктем айында аяқталмақ екен. Коммуналдықтардың айтуынша, биылғы жылға жоспарланған 20 жобаның басым бөлігі өтпелі кезеңмен келер жылға қалдырылмақ.

 

 

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.