Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цифрландыру қауіпі

c 18:06, 15/10/2019 c 814

0:00 / 0:00

Қазақстандықтардың жеке мәліметтері жария болған дерек тағы тіркелді. Компьютердегі жәйіттерді бақылайтын қызметтің мәліметінше, елімізде азаматтардың жеке мәліметі жария болған екі  оқиға орын алып отыр. Медицинналық ақпараттар қорғалмауда. Азаматтардың жеке мәліметтері, науқастың бүкіл ауру тарихы жазылған Damumed медициналық жүйесінен мәліметтер көпшілікке жария болды. Осылайша мыңдаған азаматтың ақпараты шығып кетті.

Осымен азаматтардың жеке мәліметтері жария болған екінші дерек тіркеліп отыр. Ағымдағы жылдың жазында 11 млн қазақстандықтың жеке мәліметтері жария болған болса, енді медициналық жүйеде де ақпарат қауіпсіздігі сақталмауд. Damumed медициналық жүйесінен азаматтардың жеке мәліметтері көпшілікке жария болды. Мұнда науқастар жайында барлық ақпарат тіркелген. Осы жүйе арқылы емханаға тіркеліп, дәрігерге жазылуға болады. Науқастың барлық зертханалық мәліметтері мен ауру тарихы да жазылады. Цифрландыруға екі қолды сыбына кіріскен денсаулық сақтау министрлігі  компьютерлік хакерлардың алдында дәрменсіз болып отыр.

Ал бүгінгі баспасөз маслихатына вице-министр электронды денсаулық сақтау паспорты жобасын іске қосып отырмыз деп сүйіншілеп шыққан еді. Damumed медициналық жүйесінен көпке жария болған ақпараттардың ішінде, науқастардың зертханалық  мәліметтері тарап кетті. Жүйе жұмыс істемей қалды.  Компьютерлік қаскүнемдер 12 лабораториялық зерттеуді шығарып үлгерген. Оның жетеуі фейсбук желісіне шығарылды. Осылайша, науқастың жеке мәліметі көпке жария болып отыр. Бұл азаматтардың жеке өміріне қол сұғуға, денсаулығына қатысты құпия мәліметтерді жария етемін деп бопсалауға әкеп соғуы да мүмкін. Алаяқтар үшін таптырмайтын мүмкіндік. Қазір құқық қорғау органдары цифрландыру қауіпін тудырғандарды анықтап жатыр. Сарапшылар, кінәні мемлекеттік органдардан іздеу керек деген кеңес береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.