0:00 / 0:00
Оралда 3577 отбасыға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Жүргізілген тексерулер барысында 164 отбасының өз табыстарын жасыру жолымен бұл жәрдемақыны заңсыз алып келгені анықталыпты.
Айта кетерлігі, аз қамтылған отбасы санатына жататын 56 адам мемлекеттің көмегін тиімді пайдаланып, өз кәсіптерін ашқан. Олардың жартысы қайтарымысыз гранттарға қол жеткізіп отыр. Қалалық жұмыспен қамту бөлімі жарты жыл ішінде 10 мыңнан аса отбасының құжаттарын қабылдаған. Солардың тек үштен біріне ғана атаулы әлеуметтік көмек тағайындалыпты. Алайда, қосымша жалақысын немесе жеке кәсібінен түскен табысын жасыратын пысықайлар да жоқ емес. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша осындай 362 отбасы заңсыздыққа барғаны белгілі болды.Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамту» және «Жаппай кәсіппен қамту» бағдарламасы бойынша Оралда 155 адам қысқа мерзімді оқу курстарына жолданып, оның 119-ы білім алып шыққан. Және 93 адам тұрақты қызметке орналасқан. «Жаппай кәсіппен қамту» бағдарламасы аясында биыл 475 түлек түрлі оқу орталықтарына оқуға жолдама алған.