0:00 / 0:00
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның өңірге іс сапары барысында «Сырым» өткізу бекетінде болды. Батыс Қазақстан мен Ресейдің Самара облысы арасындағы «Сырым» өткізу бекетінде кезектің жиілеп кеткені жайлы туралы талай айтылған болатын. Алайда шекарадағы алаңдатарлық ахуал бүгінде оң шешімін тапқан. Өткізу бекетін жаңғырту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылыс құнына 1 миллиард 935 миллион теңге бөлінді. Жобаға сәйкес, жалпы ұзындығы 1,4 шақырым болатын 8 жолақты жол салынды. Нәтижесінде бекеттің өткізу мүмкіндігі екі есе артты. Бұған дейін «Сырым» өткізу бекеті арқылы тәулігіне 3 мыңдай көлік өтсе, енді бір күнде 7 мыңға дейін жүк және жеңіл көлігі шекарадан өтуге мүмкіндік туды. Жобаға сай мұнда демалыс алаңы, құжаттарды тексеру аймағы салынды. Бекет аумағы толықтай абаттандырылып, қоршалып, тиісті жабдықтармен, бейнебақылау құралдарымен қамтамасыз етілген.