0:00 / 0:00
Баспана мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек. Бұқара халық үшін күрделі мәселені "Свой дом кз" кооперативі де шешуге ат салысуды бастады. Аталмыш кооперативтің арқасында бүгінде Мұрадымовтар әулеті қоныс тойын тойламақ.
Орал қаласының тұрғыны Айсұлу Мұрадымова бар тапқанын балаларының ауызынан жырып, пәтер жалдап келген. Алайда, жас отбасы "Свой дом kz" кооперативі арқылы армандаған пәтеріне қол жеткізді. Жас отбасы жақында қоныс тойын атап өтпек.
"Свой дом kz" 2016 жылдан бастап, республика көлемінде жұмыстанып келеді. Бүгінде осы кооператив арқылы 250-ден астам отбасы қоныстарына ие болған. Сала мамандары «Экспресс», «Собственник», «Свой дом» бағдарламалар арқылы пәтер сатып алуға болатынын айтады. Қазіргі таңда көп балалы және толық емес жанұяларға арналған «Асыл ана» бағдарламасы қолға алынып, жаңадан «8-30-8» бағдарламасы да іске қосылған.
"Свой дом kz" туралы қосымша ақпаратты Жұбан Молдағалиев көшесі 25Б мекенжайында орналасқан кеңседен немесе 8-771-731-15-54 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.