0:00 / 0:00
Биыл Сырым ауданында 28 үй, 6 қоғамдық ғимарат пайдалануға берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі өткізген брифингте Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев айтты. Сонымен қатар ауданда құрылыс жұмыстары қақын алып, жастар жылы аясында аталған топ өкілдеріне басымдық берілген. БҚұрылыс жұмыстары аясында 7 елді мекеннің бас жоспары жасақталуда, құны 11,6 млн. теңге. Сонымен қатар, Өлеңті ауылындағы 42 тұрғын үйлер алаңына инженерлік коммуникациялар жүйесін тарту жұмыстарының жобасы жасақталуда. Аудан үшін маңыздылығы жоғары Кеңащы-Жымпиты топтама су желісінің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізіліп, келісім-шарт жасақталуда. Бөлінген қаржы 100,0 млн. теңге. Бұл жоба ауыз су мәселесі өзекті болып отырған Жымпиты, Өлеңті елді мекендерін ауыз сумен қамтуға және болашақта жерасты су қоры тапшы 5 елді сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік бермек. Аудан орталығында 15,2 млн. теңгеге бейнебақылау камерасы орнатылған Биыл Сырымда 116 қылмыс тіркелсе, оның 79,5% ашылған. Тіркелген қылмыстардың ашылу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға өскен. Сонымен қатар қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында 15,2 млн. теңгеге Жымпиты ауылында бейнебақылау камерасы орнатылған.