0:00 / 0:00
Орал қаласында 1998 жылы туған жастар мен одан да кіші спортшылар арасында үстел теннисінен ел біріншілігі басталды. Байрақты додаға еліміздің 11 өңірінен келген спортшылар бақтарын сынауда. Сайыс алты күнге жоспарланып отыр. Ел біріншілігі барысында спортшылар командалық және жеке дара сынға түсіп, жүлдені қанжығалау үшін барын салмақ. Сайыста жеңімпаз атанған чемпиондар ұлттық құраманың сабына қабылданып, ел намысын әлем чемпионаттарында қорғайтын болады.