0:00 / 0:00
Тағайындалғанына бір ай болмаған еңбек және халықты әлеуметтік қорағу министрі Біржан Нұрымбетов атаулы әлеуметтік көмек беру механизмі өзгертілген заң жобасы әзірленгенін хабарлады. Бүгін өткен үкімет отырысында министр заң жобасы қабылданған жағдайда еліміздегі барлық көпбалалы анаға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетін болады деді.
Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов, атаулы әлемуттік көмек беру жүйесін өзгертуді ұсынып отыр. Осыған орай жаңадан заң жобасы әзірленген. Министрдің айтуынша, атаулы көмек алатын балалардың 60 пайыздан астамы – көпбалалы отбасылардан шыққандар. Сондықтан министрлік балаларға отбасының табысына қарамастан, бөлек жәрдемақы төлейміз дейді. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы отбасы балаларының санына қарай беріледі. 4 баласы барлар 42500 теңге, 5 балалы отбасы 53 125 теңге, 6 баласы барлар 63 750 теңге, ал 7 балалы тәрбиелеп отырған отбасы 73 мың теңгеге дейін жәрдемақы алатын болады.
Атаулы әлемуеттік көмек тек өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға ғана берілмек. Яғни бұл көмек орта табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашалық көлемінде беріледі. Ал елімізде кедейлік шегі 26 мың 440 теңгені құрайды.
Министрдің пікірінше, атаулы әлеуметтік көмек беруде жыр болған 4 тауық есептелмейді, ал көлігі барлар назарға алынуы мүмкін.
Парламент Үкіметтің бұл жобасын қабылдаса, келесі жылдан бастап көпбалалы аналарға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Қазір елімізде 343 мың көпбалалы отбасы бар. Бұл отбасыларда бір жарым миллионға жуық бала тәрбиеленеді.