Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда жылжымалы флюорография қондырғысы жолға шықты

c 16:54, 04/10/2019 c 821

0:00 / 0:00

Орталық базардың жұмыс күні әдеттегі қарбаласқа толы. Базар сатушылар өз орындарын тастап, базар алдына тұрақтаған жылжымалы флюорография қондырғысына кезекте тұр. Олардың барлығы денсаулығымызды алдын ала тексеріп, өкпе құртынан ауырып емделгенше, алдын алғанымыз дұрыс деген пікірде. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің ақ халаттылары, қазіргі уақытта өңірімізде өкпе құрты бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтады. Соңғы 5 жылда туберкулезбен ауырғандар -25% -ға, өлім-жетім - 42% -ға, балалардың бұл сырқатқа шалдығуы - 48% -ға төмендеген. Өкпе құртын ерте сатысында анықтау - ауруға қарсы күресте маңызды орын алады, - дейді сал мамандары. Екі күнде базардың жүзден аса сатушысын ақысыз негізде тексеріліп, олардың ешқайсысына өкпе құрты диагнозы қойылмады.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.